Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары Нұр-Сұлтанда кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының алдағы кеңесі шеңберінде түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге өзара ниетін растады. Көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде алдағы халықаралық және өңірлік іс-шараларға жоғары және аса жоғары деңгейлерде қатысу мәселелері қаралды, – делінген СІМ хабарламасында.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде ақбөкенді аулауға рұқсат берілмек
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы