Қазақстан мен Тәжікстан теміржол арқылы жүк тасымалын кеңейтуге ниетті

Астанада "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен "Роҳи оҳани Тоҷикистон" МУК басшысы Комил Мирзоали кездесу өткізіп, теміржол саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жиынға Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хайрулло Ибодзода және басқа да ресми тұлғалар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар жүк тасымалы көлемін арттыру, ресейлік мұнай өнімдерін Қазақстан арқылы Тәжікстанға жеткізу, қазақстандық алюминий тотығын экспорттау және басқа да бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

2025 жылдың 7 айында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жүк тасымалы 3,1 млн тоннадан асып, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15%-ға өсті. Мұнай өнімдері транзиті – 713,1 мың тоннаны құрап, 33%-ға артқан. Сондай-ақ, қазақстандық астық тасымалы 38,8%-ға өсті.

Кездесу соңында екі тарап өзара ынтымақтастықты күшейту және транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде хаттамаға қол қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы