Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық нығайып келеді – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы