18 Қараша 2026, 07:49 Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан мен Сенегал әуе қатынасы туралы келісім жасасуға ниетті

Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және авиациялық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенегалдың Жерүсті және әуе көлігі министрі Абдул Ахад Ндиайемен кездесті.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және авиациялық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Талғат Ластаев Қазақстанның Африка елдерімен, соның ішінде Сенегалмен байланысын кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық тарап ұшу және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әуежай инфрақұрылымын дамыту, цифрландыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және мамандар даярлау бағыттарындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сенегал арасында әуе қатынасы туралы келісім жасасу жөніндегі жұмысты бастауға уағдаласты.