Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы ислам әлеміне қасиетті болған Мекке мен Мединенің орналасқан мекені – Сауд Арабиясы өкілдерінің бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы өте маңызды екенін атап өтті. Президент Қос Киенің Сақшысы, Король Салманның Арнайы өкілі ретінде сауд делегациясын бастап келгені үшін министрге ризашылығын білдірді.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы беделді жаһандық диалог алаңына айналғанын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы