Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим енгізіледі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылғы 8 қарашада Сан-Марино қаласында ҚР Үкіметі мен Сан-Марино Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, - деді Смадияров.
Құжатты Қазақстанның СІМ әзірлеген. Оған Қазақстанның Сан-Маринодағы қоса атқарушы елшісі Ерболат Сембаев пен Сан-Мариноның Сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойды.
Бұл шартқа сәйкес жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар Қазақстан мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқада мақсаттағы бір реттік немесе бірнеше рет іссапарларға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.