Қазақстан мен Ресейдің СІМ басшылары Шолпан-Атада кездесті

Қазақстанның Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғары және биік деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы