30 Қаңтар 2025 2025, 14:42
Фото: СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуі өтті
Қазақстан СІМ-де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылы талқыланды.
Уағдаластықтарды іске асыруға және алдағы бірлескен іс-шараларды биік және жоғары деңгейде дайындауға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейілділік расталды.