Қазақстан мен Ресей парламентшілері Астраханда кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Астрахан қаласында өтті.
Отырыс барысында Қазақстан мен Ресей уағдаластықтары аясындағы, атап айтқанда шекара маңы ынтымақтастығы, денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы өзара парламентаралық іс-қимылдың жай-күйі мен келешегі қаралды.
Қазақстан тарапынан отырысқа сенаторлар Бейбіт Исабаев, Ақылбек Күрішбаев, Нұржан Нұрсипатов, Ерік Сұлтанов, Сергей Карплюк қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы байқау жарияланады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы