Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселені талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 28 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он алтыншы отырысы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларымен алмасуды, оларды алдын ала қарауды жүргізді, сондай-ақ жетуі қиын таулы учаскесінде мемлекеттік шекараның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелер талқылады, - делінген хабарламада. 

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы мамырда Мәскеу қаласында өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы