Қазақстан мен Ресей білім саласына айрықша көңіл бөлді – академик

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен болған келіссөздері барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, деген пікір айтты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Шаукенова Зарема.

Қаңтар айында кәсіпкерлермен өткен кездесуде Мемлекет басшысы:«Біз жастарымызды оқуға, оның ішінде Ресейге, бәлкім, ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін боламыз, бұл үшін Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз»  деді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының арқасында жас қазақстандықтар әлемнің үздік университеттерінде сапалы шетелдік білім алатын бағдарлама. Ол біздің студенттеріміз үшін әлемнің үздік шетелдік жоғары оқу орындарының есіктерін айқара аша отырып, Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігінде өзінің маңыздылығы бойынша теңдессіз серпінге айналды. Қазақстанға жаңа ойлау қабілеттері мен шет тілдерін білетін білікті кадрлар қажет болды. ТМД-ның бірде-бір елі арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша мұншалықты көп студентті шетелге жіберген жоқ. Бағдарлама мансапты ілгерілету үшін тамаша бастапқы алаңды ұсынды. Отандарына батыстық білім байлығымен оралғаннан кейін, алғашқы «болашақтықтар» мемлекеттік қызметте, сондай-ақ экономика мен бизнестің басқа да салаларында биік шыңдарға жетіп, қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық экономика үшін ең қажетті мамандардың қатарына кірді, - деді ол.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында жалпы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері арасында бәсекелестік өсті, ал оларға еңбек нарығында сұраныс жоғары емес, өте жоғары. Халықаралық білім беру кеңістігінің жаһандануы қазақстандықтар үшін Қазақстаннан тыс жерлерде білім алуға мүмкіндіктер ашты. 

Білім іздеген жастар өз беттерімен ғылымды ұғынып, Болашақ бағдарламасынан тыс гранттар мен стипендиялар алып, тура мағынада әлемнің барлық жағына ұмтылды. Бүгінгі таңда негізінен Қазақстан азаматтары оқуды қалайтын елдер немесе елдер тобы анықталды. Олардың арасында көпжылдық статистика бойынша бірінші орынды Ресей Федерациясы алады. Аумақтық жақындық пен тілдік фактор тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Одақтың барлық республикаларында Мәскеудің немесе Ленинградтың жоғары оқу орындарының студенттеріне қазір Гарвардтың немесе Оксфордтың түлектеріне тәнті болып қараған сияқты аса құрметпен қарауына сөзсіз әсер етеді. Бірнеше жылдардан кейін біз Ресейдің ең атақты және беделді жоғары оқу орындары – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеу физика-техникалық институты, «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Білім және ғылым министрлігі бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға арналған мекемелер тізіміне енгізген техникалық жоғары оқу орындарының табысты түлектерінің есімдерін міндетті түрде білетін және еститін боламыз, - деді ол. 

Сондай-ақ, екі ел басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген нәтижелерге сәйкес, жас қазақстандықтар елдің шегінен шықпай-ақ, өз үйлерінде Ресейдің ең танымал жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы   Қ.К. Тоқаев Президент В.В. Путинге Қазақстанға Ресей Федерациясының ең танымал жоғары оқу орындарының филиалдарын, бірінші кезекте техникалық филиалдарды жіберуге келіскені үшін ризашылығын білдірді, бұл білім беру және өзара қолдау саласындағы өте елеулі ілгерілеу болып табылады.

2001 жылы Қазақстанның астанасында ресей жоғары мектебінің флагманы және әлемнің үздік университеттерінің бірі - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің алғашқы шетелдік филиалы ашылды. Өткен жылы ММУ филиалы өзінің 20 жылдығын атап өтті. Бүгінде оның түлектері Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосуда және, Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары деңгейін ұстап келеді. ММУ қазақстандық филиалының жетістіктері Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, бауырластық байланыстардың жарқын айғағы болып табылады. Ресейдің озық жоғарғы оқу орындары МИФИ, Губкин атындағы университеттің, Бауман училищесінің филиалдарының желісін кеңейту туралы пәндік келісімдер біздің еліміздегі білім беруді дамытуға елеулі үлес қосады және біздің елдеріміздің жаңа ғылыми-білім беру байланыстарын одан әрі дамыту үшін түрткі болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы