Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ
ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Қытайдың Турфан муниципалды халық үкіметінің мэрі Кейсел Кейюммен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.
Комитет төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын және туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Турфан қаласымен ынтымақтастық бізге туризм саласында тәжірибе алмасуға және өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз елдеріміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған екіжақты жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз, - деді Н. Кәріпбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
48 мигрант теңізде ажал құшты
Өзгелердің жаңалығы