Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпулері 22 сәуір күні Астана уақытымен 06:30-да сейсмикалық станциялар желісімен тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 508 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан, – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ. Ресми мәліметтерге сәйкес, дүмпулер әлсіз болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы