Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV Магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,79° с.б. 80,23° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы