Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мереке күндері жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 1, 7 және 9 мамырда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пунктерін қоспағанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде адамдарды, көлік пен жүк өткізу уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты "Қапланбек" өткізу пункті жабылды, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді.

Ресей, Қырғызстан және Түрікменстан бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы