Бүгiн 2026, 11:30 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақтастықты нығайтпақ

Құжат инвесторларға тең құқық пен қорғаныс кепілдіктерін береді

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 16 маусымда Астанада қол қойылған бұл келісім инвестициялық қызметке қолайлы жағдай жасауға, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыруға және екі елдің экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Оның аясында мына мәселелерді реттеу қарастырылған:
– «инвестициялар» және «қамтылған инвестициялар» сияқты негізгі ұғымдарды анықтау;
– инвесторлар мен олардың инвестициясына ұлттық режим ұсыну;
– мейлінше қолайлы режим беру;
– инвестициялардың әділ, тең құқылы режимін және толық қорғалуын қамтамасыз ету;
– қарулы қақтығыстар немесе азаматтық тәртіпсіздіктер жағдайында болған шығындарды өтеуге кемсітусіз қарау;
– заңнаманың ашықтығын және нормативтік актілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
– инвестициялық және мемлекетаралық дауларды шешу тетіктері.

Құжатқа сәйкес, ешбір тараптың заңда көзделген жағдайлардан тыс, кемсітушілік негізде немесе өтемақы төлемейінше инвестицияларды экспроприациялауға немесе мемлекет меншігіне алуға құқығы жоқ. Сондай-ақ дауларды шешу үшін кеңесу және төрелік процедуралары қарастырылған.