Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық режимге қатысты мәслихат депутаты пікір білдірді
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев Қытай мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жеңілдету шараларының оң әсері болатынына сенімді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Қытай мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жеңілдету, атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз режимді енгізу мәселесі біраздан бері қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Халықтың алаңдауы заңды. Өйткені Қытай азаматтарының иммиграциясы ретсіздеу екені рас. Бірақ 2022 жылдан бастап Қытай азаматтары үшін визасыз режим қолданыста. Дегенмен, келіп жатқан халықтың ағыны айтарлықтай күшті деуге келмейді, - деді ол.
30 күнтізбелік күнге дейін визасыз режимді енгізудің еліміз үшін ұтымды тұстары көп. Туризм және кәсіпкерлік саласындағы еліміздің әлеуеті үшін үлкен мүмкіндік.
Сондай-ақ Қытайда біздің қандастар да тұрады емес пе?! Оларға тарихи Отанына саяхат жасау, достары мен туыстарына келу оңайырақ болады. Ал зейнет жасындағы Қытай азаматтары әлемдегі ең белсенді туристердің бірі, бұл Қазақстандағы туризмнің дамуына жағымды әсер етеді. Ал қандай да бір жағымсыз жағдай туындаса, қашан да шарттың күшін жою мүмкіндігі бар. Қытай еліміздің маңызды экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді және бұл екі елдің бизнесінің ынтымақтастығын дамытуға жақсы мүмкіндік. Біздің кәсіпкерлеріміздің мұндай үлкен нарықты пайдаланбауы ақылға қонымсыз болар еді.
Бұл жағдай біздің төлқұжатымыздың индексін арттырып, уақыт өте келе қазақстандықтар үшін визасыз елдер тізімінің өсу ықтималдығын арттыратыны да маңызды. Үшіншіден, көптеген рейстер ашылатындығын ескере отырып, тауарлар ассортименті кеңейеді: қандай да бір көрмеге бару, мысалы, жаңалықтарды жеткізу туралы шарт жасасу, жөнелтуді, тиеуді ұйымдастыру және бақылау жұмыстары жандана түседі, - дейді Алмат Қодасбаев.