Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізілмек

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс 4 жаңа заң жобасын жұмысқа алды:

  • Кәсіптік одақтар туралы заңға түзетулер;
  • ТМД елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісім;
  • ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім;
  • 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Депутат Снежанна Имашева «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңның негізгі міндетін түсіндіріп берді.

Ол атағандай, өзгерістер 1993 жылы енгізілген. Бұл өзгерістер ҚР аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініш хаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылауға және екі тараптың құзыретті органдарын өзгертуге қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы