Кеше 2026, 22:41 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Жиын қорытындысында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған тиісті шешімге қол қойылды.

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Орталық кеңестің XVIII отырысы өтті. Жиынға Қазақстанның ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қырғызстанның ТЖ министрі Канатбек Чыныбаев, сондай-ақ кеңес мүшелері мен сала өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыста орталықтың 2025 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2026 жылға арналған басым бағыттар айқындалды. Қатысушыларға апаттар қаупін азайту, климат өзгерісіне бейімделу және ақпараттық технологияларды енгізу бағытындағы өңірлік жобалардың жүзеге асу барысы таныстырылды.

Өткен жылы орталық өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге және халықтың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асырғаны атап өтілді.

Шыңғыс Әрінов өз сөзінде орталықтың өңір елдері үшін тәжірибе алмасу, күш-жігерді үйлестіру және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиімді алаң екенін жеткізді.

Жиын қорытындысында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған тиісті шешімге қол қойылды.