Қазақстан мен Қырғызстан президенттері тарихи құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ақордада тарихи құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екі ел арасындағы одақтастықты кеңейту және тереңдету туралы шартқа және Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің алтыншы шешіміне қол қойды.
Елдеріміз мынадай құжаттарға қол қойды:
1. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойды.
2. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев және Қырғыз Республикасының Шекара қызметінің директоры Уларбек Жаршиев 2003 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға және Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу пунктерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
3. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Жеке деректерді қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Адыл Сыдығалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Жеке деректерді қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
4. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев және Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік сәулет және құрылыс агенттігінің директоры Нурдан Орунтаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Сәулет, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мемлекеттік агенттігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.