Бүгiн 2026, 09:18 Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мен Қырғызстан елшілік ғимараттарын тегін пайдалануға береді

Мәжілісте дипломатиялық өкілдіктерге арналған ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалану туралы келісім қаралып жатыр.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктерге арналған ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Астана және Бішкек қалаларында екі елдің елшіліктері мен Төтенше және өкілетті елшілерінің резиденцияларын орналастыру үшін ғимараттар мен жер учаскелері беріледі.

Әңгіме Қазақстан мен Қырғызстанның дипломатиялық миссияларының қызметін қамтамасыз етуге арналған нысандарды өзара өтеусіз пайдалану туралы болып отыр.

Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысы аясында комитет қарауына қабылданды.