Қазақстан мен Қатар киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық орнатады
Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшісі Арман Исағалиев Қатар Киберқауіпсіздік агенттігінің төрағасы Әбдірахман Әл-Мәлкимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
Сұхбат барысында киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу жолдары, оның ішінде киберқауіптерден қорғау және электрондық деректер мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Тараптар кибершабуылдардың алдын алу және осы саладағы мамандарды даярлаудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Осыған орай, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде тренингтер ұйымдастыру және зерттеулер жүргізу мақсатында құқықтық базаны кеңейтуге өзара дайындық расталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайту бойынша екіжақты байланыстар мен іс-шаралар жоспарын қарастырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды эвакуациялады
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы