Қазақстан мен Қатар әскери салада бірлесе жұмыс істемек

Мәжілістің жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Келісімге 2023 жылғы 12 желтоқсанда Доха қаласында екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары басшылары қой қойған болатын.

Қатар біздің еліміздің маңызды және саяси-экономикалық серіктестігі. Оған қоса әскери ынтымақтастық перспективалық бағыттар бар. Келісімді ратификациялау тараптарға әскери білім беру және ғылым, әскери медицина, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар, жауынгерлік даярлық және өзара келіскен салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы