Қазақстан мен Перу екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Перудың Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарушы Хуан Хенаро Дель Кампо Родригесті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
Елшінің жұмыс сапары (резиденциясы Мәскеуде) ҚР Бас прокуратурасымен халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы келісімдерге қол қоюға орай өтті.
Осы ретте Перу Қазақстан үшін халықаралық қылмыстық сот ісін жүргізу саласында толық құқықтық база қалыптасқан тағы бір латынамерикалық мемлекетке айналды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, саяси және сауда-экономикалық диалогты, соның ішінде транзиттік-көліктік салада одан әрі нығайтуға баса назар аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы