Қазақстан мен Пәкістан комиссиясының әскери ынтымақтастық жөніндегі отырысы өтті

Астанада әскери ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Пәкістан комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш шара аясында Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Пәкістан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры генерал-майор Мунир Уд Динмен кездесті.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қазақстан Пәкістанды өңірдегі негізгі әріптестердің бірі екенін атап өтіп, бүгінгі сессия өзара қызығушылық тудыратын салаларда екіжақты байланыстарды нығайтады деп сенім білдірді.

Комиссия отырысында ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин пәкістандық әріптестеріне сапары мен сындарлы диалогы үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық хаттамасы мен жоспарына қол қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы