Бүгiн 2026, 06:35 Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар қарастырылды.

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Заманауи тілдер ұлттық университетінде (NUML) болып, ректор Шахид Махмуд Каянимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын және білім беру саласындағы уағдаластықтарды талқылады.

NUML басшылығы Қазақстанның бірқатар жетекші университеттерімен байланыс орнатылғанын атап өтіп, академиялық әріптестікті әрі қарай дамытуға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша NUML делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.