Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 17,9% - ға артып, 5 57,0 млн-ға жетті

Пәкістан Ислам Республикасы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары аясында сауда және инвестициял саласындағы Бірлескен жұмыс тобының 2-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев, Ислам Республикасының Сауда министрі Мұхаммед Суале Ахмад Фарухи, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары қатысты.

Бүгінгі отырыс алдағы бірлескен үкіметаралық комиссияға дайындық аясындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктесі болып табылады және біз екіжақты және көпжақты форматтағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделіміз, - деді Қайрат Төребаев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Пәкістан Ислам Республикасының Сауда министрі Саид Навид Камар екіжақты онлайн-келіссөздер жүргізіп, онда ауыл шаруашылығы, Қазақстаннан Пәкістанға газ және көмір жеткізу, банк секторы саласындағы өзара іс-қимыл салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Мәселен, біз 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуін байқап отырмыз, осылайша екіжақты сауда 2,1 р - ға ұлғайып, 9 95,1 млн құрады (2020 жылы-4 45,6). Бұл ретте экспорт 4,1 р-ға өсіп, 6 65,9 млн  құрады, ал импорт 0,7% - ға төмендеп, 2 29,2 млн  құрады.

Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың тоғыз айында да 17,9% - ға ұлғайып, 2021 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 5 57,0 млн-ға жетті (4 48,3 млн).Экспорт 19,8% - ға өсіп, 3 31,8 млн  құрады, импорт та 15,7% - ға ұлғайып, 2 25,2 млн  құрады.

Қайрат Торобаевтың айтуынша, Қазақстан үшін басым бағыттар: агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен өндіру өнеркәсібі, түсті металлургия, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сонымен қатар, біздің арамыздағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті толық іске асырылған жоқ деп санаймыз.

Қазақстандық тарап өзара сауданың тар тауар номенклатурасы әлі де «әлсіз нүкте» болып қалып отырғанын және оны кеңейтуге күш салу керектігін атап өтті.

Осы мақсатта Қазақстанның Сауда министрлігі қазақстандық кәсіпорындар экспортты ұлғайта алатын өңделген тауарларды жеткізу мәселесін пысықтауды ұсынды. Есептеулер бойынша, алдағы уақытта қазақстандық компаниялар Пәкістан нарығына 411,9 млн доллар сомасына әртүрлі саланың 80 өңделген тауарын жеткізуге дайын.

Атап айтқанда, 2011 жылдан бастап 2022 жылдың 1 тоқсанына дейінгі кезеңде Пәкістаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 16,7 млн ​​долларды құрады. Әлемдік дағдарыс пен пандемияға қарамастан, елдер арасындағы тауар айналымы соңғы бес жылда 3,7 есеге ($25,6-дан 9 95,1 млн-ға дейін) өсті.

Қазақстан Пәкістаннан шамамен үштен біріне көбірек импорттай бастады, ең маңыздысы – Қазақстаннан Пәкістанға экспорт бес жыл ішінде 24,8 есеге өсті: 2016 жылғы 2,7 миллион доллардан 2021 жылы 65,9 миллион долларға дейін.

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы Бірлескен жұмыс тобының 2-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев барынша ықтимал мәселелер шеңбері бойынша өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға және Қазақстан-Пәкістан диалогын нығайтуға және одан әрі кеңейтуге күш салуға дайын екендігін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы