Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы 28%-ға өсті
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Пәкістан Ислам Республикасының коммерция министрі Саид Навид Камармен келіссөз жүргізді. Онлайн режимде өткен кездесуде қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстаннан Пәкістанға газ бен көмір жеткізу, банк секторы саласындағы өзара іс-қимыл сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Тараптар транзиттік сауда, кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы үкіметаралық келісімдер жобаларының қыр-сырын қарастырды.
Кездесу соңында Серік Жұманғарин Қазақстанның өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға және Қазақстан – Пәкістан диалогын одан әрі кеңейтуге ниетті екенін атап өтіп, сындарлы және нәтижелі диалог үшін алғысын білдірді.
2022 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы $12,6 млн-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,8%-ға артық ($9,8 млн).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның жемқорлықты бақылау индексі 6 позицияға өсті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы