Қазақстан мен Өзбекстан жаңа бірлескен ынтымақтастық құрылымдарын құрады

Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды:

1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;

2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;

3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі;

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы