Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды
"Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, бекет іс жүзінде жабылған жоқ. Шекарадан жүк көлік құралдарының өтуі шектеусіз жүзеге асырылуда. Бұл туралы 2025 жылы 29 желтоқсанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство бас мердігердің ақпаратын келтіре отырып, қазіргі күні қарыздар мен жобаны қаржыландыруда ешқандай мәселелер туындамағанын хабарлайды.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы көршілес жатқан "Дәуіт Ата" өткізу пунктін қайта жаңартуда, осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автомобильдер мен жолаушылар автобустарының өтуі шектелген. Қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды. Инспекциялық-тексеру кешендері, салмақ-габаритін өлшеу және өзге де жабдықтар орнатылып, бейтарап жолақ салынды. Өткізу пунктінің өткізу қабілеттілігіне әсер етпейтін жұмыстар жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.
Қазірдің өзінде 2025 жылдың 11 айында "Тәжен" өткізу пунктінің өткізу қабілеті 130 мың АКҚ құрайды, бұл 2024 жылдың көрсеткіштерінен 22%-ға немесе 29 мың автокөлік құралына артқаны (2022 жылы – 77 695 АКҚ) да нақтыланады.