Қазақстан мен Өзбекстан энергия қорын өткізуде бірлескен кедендік бақылау жүргізеді

Бұл жайында Сенатор Амангелді Нұғманов мәлімдеді. Ол жоба аясында қандай шаралар іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбырмен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімге, 2021 жылы 6 желтоқсанда Астана қаласында Өзбекстан Республикасы Мемлекет басшысының сапары аясында қол қойылды. Қазақстан Республикасының тарапынан көзделіп отырған халықаралық шарттың сапасы, қолданылуы, уақытылығы және заңдылығын бағалау жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілді, - деді Амангелді Нұғманов.

Сенатордың сөзінше, келісім аясында Қазақстан-өзбек кедендік шекарасы арқылы өткізілетін энергиялық қорларды өткізу кезінде біріккен кедендік бақылау ережелері ұсынылды.

Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан-өзбек кедендік шекарасы арқылы құбырмен және электр беру желілері бойынша энергоресурстарды өткізу кезінде біріккен кедендік бақылаудың қажеттігі. Келісім екі тараптың Қазақстан-өзбек кедендік шекарасы арқылы құбырмен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жасалды, - деді ол.

Сенатор айтқандай, әлемдік нарықтағы болжамдалған мұнай бағасы елдердің экономикалық дамуымен қатар, жалпылай түрде әлеуметтік міндеттерді шешуде негізгі көрсеткіш екендігі жайдан-жай емес.

ЕАЭО (Еуразиялық Экономикалық Одақ) аясында жаңа құқықтық тәртіп орнату жағдайында құбыржол көлігімен және электр желілері бойынша тауарларды өткізуге байланысты қатынастарды реттеуде басқаша сапалы тәсіл қажет. Сондықтан Қазақстанның сәйкес халықаралық шарттарында энергоресурстарды олардың өзгешеліктерімен қатар кеден шекарасы арқылы өткізу сұрақтары кешенді түрде шешіліп жатыр. Тауарларды құбырмен және электр беру желілері бойынша өткізуге арналған шарттардың негізгі мақсаты-кеден шекарасы арқылы құбырмен электр беру желілері бойынша тауарларды өткізуге байланысты кедендік рәсімдер бекер қиыншылық түсірмес үшін мұнай-газ және басқа да энергетикалық компанияларға қолайлы жағдайлар туғызу, - деді депутат.

Сенат депутаттары заң жобасын мақұлдады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев аталған келісім Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы энергия ресурстарын өткізу кезінде бірлескен кедендік бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды көздейтінін айтты.

Осы мақсатта кедендік бақылаудың нақты тәртіптері мен мерзімдері белгіленген. Алдағы уақытта мақұлданған заң екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың одан әрі нығаюына оң септігін тигізеді деп сенеміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы