Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолдардың бірі 4 айға жабылады

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан "Жібек Жолы" өткізу пункті 4 айға жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитеттің хабарлауынша, бұл Өзбекстан тарапындағы "Гишт-Куприк" өткізу пунктінің құрылысын аяқтауға байланысты.

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шекараны жаяу және жеке пайдалану үшін көлік құралдарымен кесіп өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды. Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі "Қапланбек", "Б.Қонысбаев" өткізу пункттері мен "Сырдария" және "Целинный" бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада.

Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей "Б.Қонысбаев", "Атамекен", "Қазығұрт" және "Тәжен" өткізу пункттері арқылы, ал теміржол көлігімен өткізу "Сарыағаш" және "Бейнеу" теміржол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы