Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Хорезм облысына жұмыс сапарымен барды. Облыс әкімі Жұрабек Рахымовпен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ж. Рахимовпен кездесу барысында Хорезм облысы мен Қазақстан аймақтары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына назар аударылды.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар Хорезм облысы мен Қазақстан облыстары арасында бауырлас қала қатынастарын орнату, бірлескен өндіріс орындарын құру және өзара саудада импортты алмастыруды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Сапар аясында Б. Атамқұлов «Хазарасп» еркін-экономикалық аймағын аралап, «Khorezm Tex» әйелдер мен балалар киімін, «MAX DECOR» ЖШҚ тұсқағаз өндірісі, «UzXCMG» ауыр өнеркәсіптік техниканың жаңа түрлерін, «UzAutoMotors» компаниясының Хорезм автомобиль зауытын және т.б. өндіретін жергілікті кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Іскерлер басшыларымен кездесулер барысында тараптар екі елдің нарықтарында тауар айналымын ұлғайту және тауарлар мен қызметтерді ілгерілетудегі компаниялардың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.
Сонымен бірге, Елші Хорезм облысындағы (Үргеніш қ.) қазақ мәдени орталығында және қазақ тілінде оқытатын № 46 жалпы орта білім беретін мектепте болды.