Тоқаев: Қазақстан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесу барысында айтты. Мемлекет басшысының сөзін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді. Мысалы, жақын арада Өзбекстанмен бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер уақтылы шешілмек. Баршамыз бұл өңірдің тұрақты, экономикалық тұрғыда орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделіміз, - деп баяндады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бірер күннен кейін Ташкентте Орталық Азия елдері консультативтік жұмыс кездесуінің отырысы өтпек.
Ертең мен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен аттанамын. Келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланады, - деді президент.Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жиын барысында мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделгенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы