Қазақстан мен Оңтүстік Корея сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасының Сауда министрі Ан Док Кынмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары талқыланды. Тараптар соңғы жылдардағы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауданың қарқынды өсуіне қанағаттанушылық білдірді. Мәселен, корей статистикасына сәйкес, 2022 жылы тауар айналымы рекордтық көрсеткіштерге жетіп, 6,5 млрд доллар құрады және өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Айта кету керек, қазақстандық экспорттың өсімі 100% құрап, оң серпін көрсетті.

Сондай-ақ кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея – Қазақстан экономикасының 6-шы ең ірі инвесторы. Министр Ан Док Кын Оңтүстік Корея Үкіметінің басым бағыттарының бірі индустриялық секторды және корей компанияларын халықаралық нарыққа, оның ішінде Қазақстанға жұмылдыру екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты тұрақты негізде жүргізуге келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы