Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылды
Жаңа бағыт бойынша рейстер Airbus A320 үлгісіндегі ұшақтармен орындалады.
2026 жылғы 24 қазанда Астана – Салала (Оман сұлтандығы) бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейс орындалды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшқан. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салалаға да алғашқы рейс орындалып, ұшақ толық жолаушымен ұшты.
Салала – Оманның екінші ірі қаласы, елдің оңтүстігіндегі Дофар провинциясының әкімшілік орталығы әрі басты тропикалық курорты. Оны жиі «араб Мальдивтері» деп атайды. Қала Үнді мұхитының Араб теңізі жағалауында орналасқан. Ерекше климаттың арқасында Салаланың табиғаты Арабия түбегінің басым бөлігіндегі қуаң аймақтардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Жаңа бағыт бойынша рейстер Airbus A320 үлгісіндегі ұшақтармен орындалады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы Алматы – Маскат бағыты бойынша SalamAir әуе компаниясы арқылы да жүзеге асырылады.