Қазақстан мен Мысыр арасында әуе тасымалы қайта жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл наурыз айынан бастап қазақстандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейх қаласына туристік рейстерді қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы