Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары Камарудин Джаффармен келіссөздер жүргізді.
Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Тараптар жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру, екіжақты кезекті саяси консультациялар мен Бірлескен сауда-экономикалық комитет отырыстары мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді».
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары дипломатиялық қарым-қатынастардың орнаған 30 жылдағы жетістіктерін атап өтіп, Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ басшысы Қазақстан бастамаларын қолдады
Өзгелердің жаңалығы