Қазақстан мен Латвия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Көлік және байланыс институты мен Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, тараптар TSI басқарма төрағасы Ирина Яцкив пен Қазақстан Азаматтық авиация академиясының басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов ҚР Азаматтық авиация академиясының базасында «EASA Part 147» ұйымын құру және сертификаттау жөніндегі құжаттаманы әзірлеу және консультация өткізу мақсатында келісім-шартқа қол қойды.

Сонымен қатар қазақстандық делегация авиация және робототехника салаларындағы инженер-механиктер мен авионика инженерлерін даярлайтын зертханамен және оқу кабинеттерімен танысты.

EASA Part 147 – бұл В1-техника-механика санаты бойынша және В2-техник-авионик санаты бойынша базалық даярлықты жүргізуге арналған Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі сертификаттаған оқу орталығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істен министрлігі
Өзгелердің жаңалығы