Қазақстан мен Латвия арасындағы жүк тасымалдау 18 есеге артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «Латвия темір жолдары» МАҚ басшысы Марис Клейнбергспен кездесу өткізді.

Теміржол әкімшіліктерінің басшылары көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Елдер арасында теміржол тасымалының оң қарқыны байқалғаны атап өтілді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мен Латвия арасындағы жүк тасымалдау көлемі 18 есеге артып, 1,5 млн тоннадан асты.

Тараптар осы бағытта белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы