3 Қыркүйек 2026, 16:39 Фото: Ақорда

Қазақстан мен Лаос үкіметі арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.