Қазақстан мен Конго қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатпақ
Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан мен Конго қорғаныс саласында бірқатар келісімдерге келетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шарлапев Конго Республикасының президенті Денис Сассу Нгессо ресми сапары аясында қазақстандық броньды машиналар зауытына баратынын айтты.
Бұл өте озық өндіріс және біз әскери-өнеркәсіп кешені мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты әрқашан қолдаймыз. Сондықтан мақсаттарымыз үшін әскери-өнеркәсіп кешенінде кәсіпорындарымыз мен Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсетеміз, – деді Өнеркәсіп министрі.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго президентін қарсы алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Ақордада Конго президентін қарсы алды
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы