Қазақстан мен Камбоджа алты бағытта ынтымақтастықты кеңейтеді: қандай құжаттарға қол қойылды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манеттің қатысуымен цифрлық үкімет, сауда, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық және Астана мен Пномпень арасында бауырластық байланыс орнату жөніндегі алты құжат алмасылды.
Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Атап айтқанда:
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігі арасында цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Сауда министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Мәдениет және көркем өнер министрлігі арасында мәдениет пен өнер салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Туризм министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.