Кеше 2026, 19:04 Фото: ҚР СІМ

Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Министрлер Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль мемлекетінің сыртқы саяси ведомство басшысы Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сүйенсек, тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Сұхбат барысында Ермек Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.