Қазақстан мен Иран арасындағы сауда ынтымақтасығы кеңейеді

Сенат отырысында "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келісім 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында жасалған. Келісімнің мақсаты Келісім тараптарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты бажсыз сауда режимін қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасында тауарлардың шектеулі тізбесіне сауданың преференциялық режимі қолданылады.Қарастырылып отырған келісім тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы – тиісінше 87-88% бажсыз сауда режимін қамтамасыз етеді. Келісім шеңберінде Иран көптеген тауарлар бойынша баждарды алып тастауға және негізсіз тыйымдарды қолданбауға міндеттеме алады. Осылайша, Келісім сауда-саттықтың болжамды режимін және біздің тауарларымызды кемсітпеу кепілдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аса сезімтал тауарлар үшін еркін сауда режимінен алып қою сақталатынын атап өту қажет, - деді сенатор Бауыржан Қаниев.

Оның айтуынша, келісім сонымен қатар ішкі нарықты қорғау шараларын, техникалық кедергілерді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін, кедендік ынтымақтастықты және сауда рәсімдерін жеңілдетуді, дауларды шешуді реттейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Өзгелердің жаңалығы