Қазақстан мен Иордания уран кен орындарын бірлесіп игермек
“Самұрық-Қазына” қоры Иордания аумағындағы уран кен орындарын бірлесіп игеру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ақордада өткен іс-шараның кулуарында қор басқармасының төрағасы Нұрлан Жақұпов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бүгін Иордания королі Абдалла II-нің сапары аясында қазақстандық “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы мен Иорданияның ұлттық уран компаниясы JUMCO арасында келісімге қол қойылады.
Бұл – құқықтық тұрғыдан міндетті құжат. Оған сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін Иордания аумағындағы уран кен орындарын игеретін бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып отыр, – деді Жақұпов Ақордада журналистерге берген сұқбатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Банктер ипотека беруден жаппай бас тартып жатыр – маман
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы