15 Қыркүйек 2026, 21:14 Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан мен Индонезия бірлескен өндірістер құру мүмкіндігін талқылады

Кездесуде өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қаралды. Тараптар технология трансфері, жаңа өндіріс орындарын ашу және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелеріне басымдық берді.

​Қазақстан мен Индонезия өнеркәсіптік кооперацияны күшейтіп, технология алмасу және бірлескен өндірістер құру бағытында ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.

Бұл мәселе ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың Индонезия елшісі Мохамад Фаджрул Рахмановпен және "PT DAHANA" компаниясы бас директорының қатысуымен өткен кездесуінде талқыланды.

Кездесуде өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қаралды. Тараптар технология трансфері, жаңа өндіріс орындарын ашу және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелеріне басымдық берді.

Рахымжан Исақұлов Қазақстанның заманауи технологиялар мен өндірістік тәжірибені тартуға, сондай-ақ шетелдік компаниялардың қатысуымен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі екенін айтты.

Біз технологиялар мен құзыреттер алмасудан бастап, жаңа өндірістерді іске қосуға және нақты жобаларды жүзеге асыруға дейінгі практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан заманауи технологиялар мен өндірістік тәжірибесі бар шетелдік компаниялармен жұмыс істеуге ашық, – деді вице-министр.

Сонымен қатар кездесуде "PT DAHANA" компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар компанияның тәжірибесі мен құзыретін ескере отырып, ықтимал жобаларды одан әрі пысықтауға ниетті.

Кездесу соңында тараптар белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, нақты жобаларды қарастыруға уағдаласты.

Қазақстанның халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және озық технологияларды тарту бағыты алдағы уақытта да жалғасын табады.