Бүгiн 2026, 03:22 Фото: gov/kz

Қазақстан мен Грузия инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Кездесуде агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды.