Қазақстан мен Гессен парламенттік байланыстарды нығайтуда

Гессен федералдық жеріне сапармен келген Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов және Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Таубалды Умбетбаев Гессен жерінің Парламентіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында тараптар сауда-экономика, транзит және логистика, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

ҚР елшісі Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін бірлескен шараларды арттыру маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ ғылым және білім беру саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше мән берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы