2 Маусым 2023 2023, 15:53
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мен Францияның қорғаныс ведомстволары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Кездесуде әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуде әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Сейдалин Франция Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар және стратегия жөніндегі бас басқармасы Еуропа, Солтүстік Америка және көпжақты ынтымақтастық департаментінің басшысы Гийом Олланимен кездесті.
Кездесуде әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілері талқыланды. Әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік пен қазақстандық бітімгерлік контингенттің БҰҰ миссияларына қатысуы мәселелерін қозғады.
Сапар аясында француз делегациясының басшысы Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс оқыды.